Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Атырауда жоғалып кетіп, кейін мәйіттері табылған отбасы мүшелерінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, қылмысқа ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу екі немесе одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Іс Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, негізгі күдікті – отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев. Оның жұбайы, отбасының кіші қызы Ақбаянның бұл іске қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Полиция мәліметінше, әйелдің психикалық жағдайын тексеру үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, медициналық мекемеге жіберілген.
Еске салайық, Атырау облысының Қызылқоға ауданында тұратын ерлі-зайыпты, ұлы мен қызы із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Кейін ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Олардың өліміне күдікті ретінде күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланды.
Атырауда жоғалған отбасы мүшелерінің телефоны соңғы рет Шымкенттен сигнал бергені белгілі болды.
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлесе жұмыс істеп, Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевті ұстады.
Күдікті бұрын жоғалып кеткен Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіріп, Атырау қаласының маңындағы Геолог ықшам ауданына көмгенін мойындады.
Соңғы жаңалықтар
СІМ ресми өкілі: Таяу шығыста зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ
Саясат • Бүгін, 15:33
Қостанайда төленбеген 102 айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Ольга Қалдыбаева: Конституциялық реформа – уақыт талабына сай жасалған қадам
Ата заң • Бүгін, 15:14
Мәйіт донорлығына келісім бергендер саны 3 есе артты
Қоғам • Бүгін, 15:07
Олжас Бектенов коммерциялық ипотека көлемін арттыруды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 14:48
Грузиядан 7 жастағы қыз елге қайтарылды
Оқиға • Бүгін, 14:32
Министрлік: Қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуал жақсармай тұр
Медицина • Бүгін, 14:25
Құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызмет цифрландырылды
Үкімет • Бүгін, 14:02
Астана әуежайында рейстер кестесі өзгерді
Қоғам • Бүгін, 13:48
Ұландықтар «Привет, Андрей!» бағдарламасында өнер көрсетті
Әскер • Бүгін, 13:30
Елімізде 58 мыңнан астам әйел дәрігер еңбек етеді
Мереке • Бүгін, 13:23
«Kazkat» зауытының қызметкерлері конституциялық реформаны қолдады
Референдум • Бүгін, 13:15
1 шілдеден бастап электросамокаттарға мемлекеттік нөмір беріледі
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:02
Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді
Референдум • Бүгін, 12:57
Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі
Үкімет • Бүгін, 12:52