Атыраудағы қанды оқиға: тағы да екі адамның мәйіті табылды

09.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Атырау қаласының маңындағы Геолог ықшамауданынан бұрын жоғалып кеткен Наурыз бен Мейрамгүлдің денесі табылды. Олар Атырау облысында өлтірілген ерлі-зайыптылардың балалары екені анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу деректеріне қарағанда, Жангелдин ауылының тұрғындары – Наурыз бен Мейрамгүл біраз уақыт бұрын хабарсыз кеткендер тізіміне енгізілген. Кейін олардың денесі күдікті Сұлтан Сарсемалиев бұрын жұбайы Ақбаянмен бірге жалдап тұрған үйдің ауласынан табылды.

Кеше Сұлтан Сәрсемалиев пен оның жұбайы Ақбаян Алматыға жеткізілген. Тергеу барысында Сұлтан Сарсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың денесін Геолог ықшамауданындағы бұрын жалдап тұрған үйдің ауласына көмгенін айтқан. Осы ақпараттан кейін Атыраудағы тергеушілер аталған жерде қайта қазу жұмыстарын жүргізіп, мәйіттерді тапты.

Қазір Сұлтан Сәрсемалиев әйелінің төрт туысын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұған дейін Ақбаянның ата-анасының денесі өз үйінің қорасы құлаған кезде табылған еді. Ал Ақбаянның өзі де бастапқыда жоғалғандар қатарында болған. Кейін ерлі-зайыпты Индонезияда ұсталған соң, ол да күдікті ретінде қарастырылып жатыр. Дегенмен оған нақты қандай айып тағылғаны әзірге жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, 29 жастағы Сұлтан Сарсемалиев қос адамды өлтірді деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген. Ол 24 ақпанда Индонезиядағы Сенару ауылындағы қонақүйде ұсталды. Операция Индонезия полициясының халықаралық бөлімшесімен бірлесіп жүргізілген.

Марқұмдардың отбасы Атырау облысындағы Жангелдин ауылында тұрған. 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы Насип Өтешқалиева үшінші топтағы мүгедектігі бар жандар болған, мал шаруашылығымен айналысып, ауылдан сирек шығатын. Отбасында екі қыз, бір ұл тәрбиеленген.

2025 жылғы 25 желтоқсанда туыстары полицияға отбасының жоғалғаны туралы хабарлаған. Айтуларынша, Мақсот Қарабалин, оның жұбайы және олардың екі баласы – 32 жастағы Наурыз бен 35 жастағы Мейрамгүл қараша айынан бері байланысқа шықпаған. Кейін отбасының үйден белгісіз бағытта кетіп, сол күйі хабарсыз кеткені белгілі болған.

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы қанды оқиға: тағы да екі адамның мәйіті табылды

Төтенше жағдай • Бүгін, 21:40

Конституциядағы әлеуметтік жауапкершілік қағидасы қалай қалыптасқан?

Ата заң • Бүгін, 17:57

Жаңа Конституция жобасы сот тәуелсіздігі мен құқық үстемдігін күшейтеді

Ата заң • Бүгін, 16:27

Құралай Садықова, сарапшы: Конституциялық трансформация – маңызды бетбұрыс

Ата заң • Бүгін, 15:27

Өнерпаздар Конституцияны әнмен қолдады

Ата заң • Бүгін, 14:56

Референдум қарсаңындағы қоғамдық көңіл күй: жаңа Конституцияға пікір қандай?

Референдум • Бүгін, 14:41

Жаңа Конституция билік теңгерімі мен адам құқықтарын нығайтады

Ата заң • Бүгін, 14:01

Израиль әскері Тегеранда Иран әуе күштерінің штабына соққы жасады

Әлем • Бүгін, 12:30

Иранның ядролық нысанына соққы жасалды

Әлем • Бүгін, 11:21

Елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Ауа райы • Бүгін, 10:57

Ермек Әбдірасулов, заң ғылымдарының докторы: «Жаңа Конституция - құқықтық мемлекеттің кепілі»

Ата заң • Кеше

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті

Қоғам • Кеше

Мамандық пен махаббатты ұштастырған жан

Қоғам • Кеше

Ұлттық ұлан қызметкерлері қала тұрғындарын мерекемен құттықтады

Қоғам • Кеше

Конституция – әділетті қоғам қалыптастырудың негізі

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью