Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Атырау облысының Жангелдин ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты күдіктілерді Қазақстанға жеткізу сәтінің бейнежазбасы жарияланды. Бұл туралы Alash.kz хабарлады.
КТК телеарнасының Атырау облысындағы тілшісі Жанат Молдашева әлеуметтік желідегі парақшасында істің жаңа мән-жайын бөлісті. Оның айтуынша, адам өлтіру ісіне қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Индонезияның Ломбок аралында қолға түскен.
Сұлтан Сәрсемәлиев Interpol-дың Red Notice тізімі бойынша халықаралық іздеуде болған. Ал Ақбаян Мұқанғалиева Yellow Notice арқылы іздестірілген.
Тексеру шаралары аяқталғаннан кейін күдіктілер Индонезия полициясының арнайы бөлімшесінің бақылауымен Бали аралынан Алматы қаласына жеткізілген. 8 наурыз күні олар Алматы халықаралық әуежайында Қазақстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылған.
Бұл операция Индонезия полициясы мен INTERPOL ұйымы арқылы жүргізілген халықаралық ынтымақтастықтың тиімді нәтижесін көрсетті. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.