Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Атырауда «Құқықтық тәртіп» республикалық профилактикалық шарасының алғашқы екі күнінде 433 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Рейд кезінде көші-қон заңын бұзған 13 шетелдік елден шығарылды.
Қала көшелері мен қоғамдық орындарды қамтыған ауқымды шара 20–23 қазан аралығында өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары анықтаған заңбұзушылықтардың дені қоғамдық орындардағы тәртіпсіздіктер мен жол қозғалысы ережелеріне қатысты.
Атап айтқанда, полицейлер мынадай деректерді анықтады:
Қоғамдық тәртіп: 70 адам мас күйінде жүрген немесе ішімдік ішкен, 61 тұрғын өзгелерге тиісіп мазасын алған, 15 ұсақ бұзақылық және түнгі уақытта ересектерсіз жүрген 39 кәмелетке толмаған бала анықталды.
Жол қауіпсіздігі: Жаяу жүргіншілерге жол бермеген 98 жүргізуші жауапқа тартылып, 9 автокөлік қарсы бағытқа шыққан. Сондай-ақ көлікті мас күйінде басқарған 4 жүргізуші және бұған дейін құқығынан айырылса да рөлге отырған 8 адам ұсталды.
Көші-қон саласы: Құжатсыз немесе тіркеусіз жүрген 62 адам анықталып, жалпы көші-қон заңнамасын бұзған 28 дерек (оның ішінде 18 шетел азаматы) тіркелді.
Ел аумағынан шығарылған 13 шетелдіктен бөлек, 3 адам қабылдау-тарату орнына, ал 8 азамат уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді.
Полиция бұл бағыттағы рейділердің жалғасатынын мәлімдеді.
Бүгін, 18:35