Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Оның айтуынша, тексеріс барысында жолдарды күтіп-ұстауға пайдаланылатын 13 инерттік материалдан сынама алынып, филиалдың жол зертханасында зерттелген. Зерттеу қорытындысы бойынша барлық сынама нормативтік құжаттама талаптарына толық сәйкес келген.
– Дегенмен жол бойындағы су өткізгіш құбырлардың жабылмауы және қисық иінді қоршаулардың майысуы сияқты кемшіліктер анықталды, – деді Аслан Дюсенов.
14 -17 қаңтар аралығында өңірде жауған қар, боран, қатты жел мен көктайғақ салдарынан көлік қозғалысына қауіп төнуіне байланысты жолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары күшейтілген режимде ұйымдастырылды. Осы кезеңде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Атырау облыстық филиалы мен мердігер ұйымдар тәулік бойы жұмыс атқарды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Атырау облыстық филиалының директоры Ардақ Қайреденовтың айтуынша, қысқы маусымға дайындық аясында республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау үшін 6800 м³ тайғаққа қарсы материал, 4150 тонна техникалық тұз және 46 бірлік арнайы техника дайындалған. Қолайсыз ауа райы кезінде 660 тонна реагент пайдаланылып, 32 арнайы техника жұмылдырылған.
Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары KAZ09 «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы», KAZ12 «Атырау – Орал», KAZ11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Ақтау теңіз порты», сондай-ақ KZ06-02 «Махамбет – Хамит Ерғалиев» және KZ06-03 «Доссор айналма жолы» бағыттарында жүргізілді.
Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстары Атырау қаласы, Махамбет, Құрманғазы және Мақат елді мекендеріндегі 4 жол пайдалану учаскесі мен Құлсары қаласы, Сағыз, Аққыстау және Индер ауылдарындағы 4 жол пайдалану бөлімшесі арқылы жүзеге асырылып жатыр. Қауіпті учаскелерде жол жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, осыған дейін «ҚазАвтоЖол» жолдары қауіп тудыруы ықтимал өңірлерді атаған еді.