Атыраудағы трагедия: Күдікті ретінде танылған күйеу баланың суреті алғаш рет көрсетілді (ФОТО)

08.01.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Атырау облыстық Полиция департаменті 6 қаңтарда Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылы тұрғындарының өліміне байланысты күдіктіні ресми түрде іздеуге жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәліметтерге сәйкес, қылмысқа күдікті ретінде отбасының 29 жастағы күйеу баласы – Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев көрсетіліп отыр. Тергеу барысында құқық қорғау органдары бұл іске өзге адамдардың қатысы бар-жоғын да анықтауда.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні отбасының туыстары олардың із-түзсіз жоғалып кеткені жөнінде полицияға арызданған. Ал 6 қаңтарда ерлі-зайыптылар — Максот пен Нәсіптің мәйіттері табылды. Қазіргі уақытта олардың балаларына қатысты іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген немесе жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью