Атыраудағы түнгі рейд: BMW жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

03.11.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Атырауда түнгі рейд кезінде жол ережесін бұзған шетелдік нөмір таққан BMW автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.  

Полицияның хабарлауы бойынша, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері заңсыз көше жарыстарын ұйымдастыратын, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын, жылдамдықты шамадан тыс асырып, өзге де жүргізушілерге қауіп төндіретін көлік құралдарын анықтайтын рейд жүргізеді, оларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдайды.

Мәселен, 31 қазанда сағат 01:30 шамасында шетелдік тіркеудегі BMW маркалы автокөлік жүргізушісі анықталды. Ол маневр жасау қағидаларын бұзған. 

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Атырау Қаласы Полиция Басқармасы (@police.atyrau.06)

Кеше, 16:14

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью