Атыраудағы жантүршігерлік қылмыс: күдікті деп танылған әйелдің қайда екені белгілі болды

10.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Атырау облысында болған жантүршігерлік оқиғаға күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулық жағдайына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұған дейін күдіктілер Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның Индонезиядан Алматыға жеткізілгені хабарланған еді.

БАҚ мәліметінше, Сұлтан Сәрсемәлиев Ақбаянның ағасы мен әпкесі – Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың мәйітін бұрын өзі жалға алған Геолог шағын ауданындағы үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Туыстарының айтуынша, қазіргі уақытта Ақбаян Мұқанғалиева Атырауда жүр.

«Біз оның психиатриялық есепте тұрған-тұрмағанын білмейміз. Ақбаянның енесінің айтуынша, қазір ол Атыраудағы психиатриялық мекемеде жатыр», – деді отбасының туыстарының бірі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью