Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Атырауда бір отбасының 4 адамын өлтіру ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сұлтан Сәрсемалиев әйелінің әке-шешесі мен бауырларын өлтірді деген күдікке ілінді, ол сол сотқа жеткізілді.
Істі судья Зарема Хамидуллина жүргізеді. Бұдан бұрын Сәрсемәлиев кінәсін толық мойындаған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күйеу бала қайын атасы, енесі және олардың балаларын өлтіргеннен кейін отбасының малын сатып, банк карталарындағы ақшаны шешіп алған. Кейін сол қаражатпен шетелге қашуға әрекеттенген.