Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29.10.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бүгін  Атыраудың Авангард-2 шағынауданында үш қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған қазандығы жарылып, маңындағы мүлік бүлінген,– деп хабарлайды Aikyn.kz

 Желіде оқиға орнынан видео жарияланып, жарылыстан кейін өрт шықпағанын байқауға болады.  

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

"Атыраудың Авангард-2 шағынауданында үш қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған қазандықта газ-ауа қоспасы жарылды, өрт шыққан жоқ. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері барды. Жарылыс салдарынан қазандықтан 12 метр жерде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің терезелері мен екі жеңіл автокөлік зақымданды. Бір адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ведомство.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью