Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Атырауда бүтін бір отбасының жоғалуына қатысты мәселені алғашқылардың бірі болып көтерген жергілікті журналист Жанат Молдашова өзіне белгісіз адамдар тарапынан қоқан-лоқы жасалғаны айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Журналистің айтуынша, ауылға барған кезде мұндай ауыр жағдайға тап боламын деп ойламаған.
«Мен ауылға барғанда мұндай сұмдыққа тап боламын деп ойламадым. Өзім ауылда өскен адаммын ғой. Оның үстіне, Қызылқоға ауданы – Атырау облысындағы ең қазақы, қаймағы бұзылмаған ауылдардың бірі. Ондай жерден мұндай жауыздықты көремін деп мүлде күтпедім. Мен кез келген жағдайды алдымен өз бойымнан өткіземін. Бұл жағдайды да ішімде сақтап жүрдім. Алайда сол күні екі үлкен кісінің денесінің өз сарайынан табылуы маған өте ауыр тиді. Біз қалаға әрең жеттік, жанымыз қатты ауырды», – дейді Жанат Молдашова.
Ол сондай-ақ түнде белгісіз адамдар тарапынан қорқыту мен телефон соғу фактісін де жеткізді.
«Содан кейін маған түрлі жазбалар келді. “Сен ойнайтын ойыншық емессің, ойыннан шығып кет” деген мазмұндағы хабарламалар болды. Менің қызметімде әлсіздікке берілуге болмайды. Журналист болғандықтан қылмыстың да, өзге де оқиғалардың ортасында жүреміз. Дегенмен бұл жағдай маған өте ауыр тиді», – деді журналист.
Сондай-ақ Жанат Молдашова басты күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемалиев туралы ойын да білдірді.
«Кейбір видеолар тарады ғой... Сол кезде Ақбаянның хиджаб киіп, орамал тағып алғанын көруге болады. Бірақ туыстары оның нақты намаз оқитыны немесе оқымайтыны туралы айтқан жоқ. Осы бағытта нақты ештеңе айта алмаймын», – деді журналист.