Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Атырау облыстық прокуратурасы
Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылындағы отбасы мүшелерінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс сотқа жолданғанын хабарлады.
"А.Мұқанғалиеваға қатысты тағайындалған сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысы күтіліп отыр. Сараптама нәтижесі ресми түрде тергеу органына келіп түскеннен кейін, оған процессалдық тұрғыда тиісті баға беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратура хабарлауынша, қылмыстық құқық бұзушылықтарды отбасының күйеу баласы болып келетін күдікті жеке өзі жасаған.
"Аталған қылмысқа басқа тұлғалардың қатыстылығы туралы деректер анықталмаған. А.Мұқанғалиеваның отбасы мүшелерінің өліміне қатысы болмауына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды", - дейді прокуратурада.
Сонымен қатар, қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша бөлек өндіріспен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, Атырау облысында бүтін бір отбасы із-түзсіз жоғалып кетті. Отбасының ата-анасының денесі үй маңынан табылды. Кейіннен Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдікті Индонезияда ұсталды.