Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бұл жағдай Атырау облысы Жылыой ауданындағы Ескі Қаратон елді мекеніндегі көне зираттың аумағында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған қорым ХХ ғасырдың басына тиесілі. Кейбір бейіттердің құлпытастарында 1949, 1950 және 1965 жылдар көрсетілген.
Желіде тараған видеода мән-жайды айтқан азаматтың сөзінше, қабірлердің ашылып қалуына табиғи фактор, яғни желдің әсерінен құмның көшуі себеп.
Жаңа Қаратон кентінің әкімі Сансызбай Баймұратовтың айтуынша, бұл кезінде Қаратон ауылының негізгі зираты болған. Құлсары қаласынан 102 шақырым қашықтықта орналасақан. 1992–2002 жылдар аралығында елді мекен тұрғындары толықтай Құлсары қаласынан 6 шақырым жердегі Жаңа Қаратон кентіне көшірілген. Содан бері, яғни 2002 жылдан кейін бұл қорымда жерлеу рәсімдері жүргізілмеген.
- Желдің салдарынан адамның сүйектері жер бетіне шығу фактілері тіркелді. Қазіргі уақытта елдімекенде тұрып жатқан халық жоқ,-деді Жаңа Қаратон кентінің әкімі Сансызбай Баймұратов .
Алматыда 160 нысан қаланың тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізіміне енгенін жазған едік.