Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Атырау қаласында жаңа туристік бастама қолға алынды: енді тұрғындар мен қала қонақтары кофеханада отырып-ақ өңірдің тарихи-танымдық орындарымен таныса алады.
Арнайы әзірленген кофе стақандарында Атыраудың көрікті жерлері бейнеленіп, QR-код арқылы толық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар гидтердің байланыс нөмірлері мен қонақ үйлер ұсынатын жеңілдіктер де көрсетілген.
Жобаны Visit Atyrau туристік ақпараттық орталығы облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен іске асырып отыр. Мақсат – күнделікті тұтыну мәдениетін туризммен ұштастырып, өңірдің тарихи әлеуетін заманауи әрі қолжетімді тәсілмен таныту.
Кофе стақандарында көне Сарайшық қалашығы, Лотос алқабы, Нарынқұм, Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты, сондай-ақ Гиннес рекордтар кітабына енген жаяу көпір бейнеленген.
Қазір арнайы дизайндағы стақандар Атырау қаласындағы Қаныш Сәтбаев көшесінде орналасқан Lattea және Martins кофеханаларында қолданысқа енгізілді.
Бүгін, 17:32