Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Мұндай мәліметті облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы таратты.
Жанармайдың бұл түрі 35 газ тасымалдаушы компания арқылы газ құю бекеттеріне толықтай тасымалданды.
2024 жылы газ пайдаланатын көліктер саны 20 мыңды құраса, 2025 жылы 27 мыңға жеткен.
- Нарықтағы тапшылықты азайту мақсатында облыс әкімдігінің сұранысына сәйкес, министрлік тарапынан қаңтар айында негізгі көлеммен қоса 2000 тонна қосымша сұйытылған газ бөлінді.
Сонымен қатар жоспарға сәйкес биыл ақпан айына 6 667 тонна, ал наурыз айына 6 910 тонна СМГ қарастырылған, - деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Анар Ахметова.
Осыған дейін Қазақстандағы бензин, дизель және автогаз бағасын жазған едік.
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.