Атырауға Медина қаласынан чартерлік рейс қонды

04.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жолаушылардың басым бөлігі қажылыққа барып келгендер. Олар енді таңғы рейстермен Алматы және Астана қалаларына ұшады.

Атырауға қонған азаматтар Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алғашында қорқыныш болғанын жасырмады. Бірі Мединада бірнеше күн артық болса, екіншілеріне жоспарланған уақыттан ерте қайтуға тура келген.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

— Алғашында уайымдап қалдық. Сапарға шығар кезде, яғни ұшаққа отырамыз дегенде болып жатқан жағдай туралы естідік. Біраз абыржып қалғанымыз бар. 3 күн артық болдық. Шыны керек, елге аман-есен қонғанымызға қуаныштымын, — деді жолаушы Мәулімхан Қазыкенқызы.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

— Жалпы ешқандай қорқыныш болған жоқ. Әлеуметтік желіден жағдайды көріп отырдық. Дыбыстар естімедік. Осылай дін аман елге қонып жатырмыз. Осы үшін мемлекетке, туроператорларға рақмет, — деді жолаушы Ердәулет Маткаримов.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Алдын ала ақпарат бойынша Атырауға келетін 3 чартерлік рейсте 600-ге жуық адам бар. Қалған екі ұшақ алдын ала мәліметке сәйкес сағат таңғы 3-4-тің шамасында Атырау қаласына қонады деп күтіліп отыр.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Қазіргі уақытта Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайында жағдай тұрақты.Таяу Шығыстан келген жолаушылар ішкі рейстерге тіркеліп жатыр.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

— Азаматтарымыз елге аман-есен жетіп жатыр. Бірінші рейстен кейін Жидда қаласынан қазақатандықтарды 2 ұшақ Атырауға жеткізеді. Таяу шығыстағы мәселелер алаңдатып отыр. Дегенмен барып жатқан адамдар келісімшарт бойынша кіші қажылықтарын өтеп келіп жатыр, — деді туроператор өкілі Тұрсын Ахметов.

Осыған дейін 4 наурызда Сауд Арабиясының Жидда қаласынан 343 отандасымызды елге жеткізу жоспарланып отырғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью