Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Оқиғаны куәгерлердің бірі телефон камерасына түсіріп алған. Онда әйелдің дәрменсіз жануарды тоқтаусыз ұрып жатқанын анық көруге болады. КТК дерегіне сүйенсек, оқиға орнына тәртіп сақшылары да жедел жетіпті. Алайда ашулы әйел олардың заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсеткен. Осы әрекеті үшін 39 жастағы қала тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды.
Жануарға көрсетілген қатыгездік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Итке ветеринар мамандардың тарапынан көмек көрсетілді.
Бұған дейін Қызылордада құрғақ шөп өртеніп, оттың жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі туындағанын жазғанбыз.