Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Атырауда полиция қызметкерлері ірі интернет алақтықты әшкерелеп, жергілікті тұрғынның соларға сеніп жіберген ақшасын өзіне қайтарып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
57 жастағы азамат Еуропа елдеріне жұмысқа орналастыру жөніндегі әлеуметтік желіде жарияланған хабарландыруға қызығушылық танытып, белгісіз тұлғалармен байланысқа шыққан.
Кейін олар еңбек визасын рәсімдеу сылтауымен оның сеніміне кіріп, 660 мың теңге көлеміндегі қаражатын дропперлердің банк шоттарына аудартқан.
Атырау облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Нұрбек Нұғмановтың жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде қаражаттың одан әрі аударылуына жол берілмей, жәбірленушінің 660 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражаты толық көлемде қайтарылды. Полицейдің білікті жұмысының арқасында азамат бар жиған-тергенін сақтап қалды.
Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желіде ұсынылатын күмәнді жұмысқа орналастыру қызметтеріне сеніп қалмауды ескертеді. Ақша аудармас бұрын ұсынылған ақпараттың шынайылығын мұқият тексеріп, жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға бермеген жөн. Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу "102" арнасына хабарласыңыздар.
Бүгін, 10:02