Атыраулық мұнайшы Тоқаевтың қолынан марапат алды

21.01.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Сурет: Ақорда

Атыраулық мұнайшы және қоғам қайраткері Мақсым Ізбасов «Барыс» орденімен марапатталды.

Марапаттау рәсімі Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай барысында өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрылтай жұмысына белсене қатысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды. Олардың қатарында мұнай-газ саласының ардагері Мақсым Ізбасов бар. 

Ол өзінің ұзақ жылғы кәсіби қызметінде мемлекеттілікті нығайтуға, халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ қоғамдық бастамаларды қолдауға зор үлес қосты.

Мақсым Ізбасов мемлекеттік қызмет пен мұнай-газ саласында көп жыл бойы еңбек етіп, аймақтық қоғамда беделді тұлға ретінде танылды. Сонымен бірге Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарған тұсында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында елеулі еңбек етті.

Бүгін, 00:27

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью