Атыраулық полицейлер әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

10.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сурет: Polisia.kz

7–9 қараша күндері Ресейдің Рязань қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионатында қазақстандық тәртіп сақшылары жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Байрақты додаға 22 елден 154 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қазақстан атынан Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері сынға түсіп, кәсіби шеберлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.

Нәтижесінде:

Қуандық Бекназаров (73 келі) — барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Әлем чемпионы атанды;Эльдар Мұхитов (97 келі) — күміс жүлде иеленді;Елдар Отаралы (67 келі) — қола медаль жеңіп алды.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғаған полицейлерге жаңа белестер мен табыстар тілейміз.

Бүгін, 13:20

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью