Атыраулық студенттер Дублер күні аясында тәжірибе алмасты

21.10.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Атырауда «Батыс Альянс Строй» ЖШС базасында құрылыс саласы мамандарына арналған «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оған «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алып жүрген О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің 10 студенті қатысты.

Колледжде құрылысшы мамандығында оқитын Мұрат Рахман «Дублер күні» аясында өндірістік жұмыстарға белсене қатысуда. Ол жуырда өткен «WorldSkills Atyrau-2025» өңірлік чемпионатында «Тас қалаудан» бас жүлдені жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алған.

- Қазір жұмысшылардың орнында өндірістік тәжірибеден өтіп жатырмыз. Мен үшін барлығы өте қызықты. Бізге бетон құю мен плитка дайындау жұмыстарын іс жүзінде үйретіп жатыр. Болашақта архитектор мамандығын меңгергім келеді, – деді ол.

Студенттер құрылыс өндірісінде қолданылатын жаңа цифрлық шешімдер мен автоматтандырылған технологиялармен де танысты.

Бүгін, 15:53

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью