Атыраулық жылдар бойы үйінде сақталған Winchester 1895 қаруын полицияға тапсырды

10.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Polisia.kz

Қазіргі уақытта қаруға Атырау облысы полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқармасының мамандары тиісті сараптама жүргізіп жатыр. Егер оның тарихи құндылығы расталса, қару Атырау облысы полиция департаментінің музей қорына табысталып, тарихи жәдігер ретінде сақталатын болады.

Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?

Айта кетейік, Winchester 1895 винтовкасы XIX ғасырдың соңында америкалық қару конструкторы Джон Браунингтің жобасы бойынша әзірленген. Өз дәуірінде сенімділігімен танылған бұл қару кеңінен қолданылған үлгілердің бірі болған.

«Полиция заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтар заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Егер үйіңізде тіркелмеген немесе заңсыз сақталып тұрған қару болса, оны ерікті түрде полиция органдарына тапсыруға шақырамыз», делінген ақпаратта.

Өзен жағасынан XIX ғасырдың қаруы табылды

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью