Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Жамбыл облысы
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593 шақырым аралығы (Айша бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы) уақытша жабылды.
Түркістан облысы
Аталған автожолдың 593-654 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасы – Машат ауылы) көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Жетісу облысы
«Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық станциясы) бойынша көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.
СҚО
Бүгін сағат 21:00-де Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар барлық бағыттағы автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Жолды 2026 жылғы 23 қаңтар сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарына 718 арнайы техника жұмылдырылған.
- 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, - делінген ҚазАвтоЖол ақпаратында.
Айта кетейік, ТЖД Алматы облысының жүргізушілеріне ескерту жасады.