Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста жол жабылды

18.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

18 ақпан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты Ұлытау облысындағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған:

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 433-750 шақырым аралығы (Жезқазған қаласы — Жаңаарқа кенті);

- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 24-64 шақырым аралығы (Сәтбаев қаласы — Жезді елді мекені).

Сағат 21:00-де Павлодар облысында барлық бағытта көлік қозғалысына шектеу қойылады.

18 ақпан сағат 21:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізіледі:

 Ақмола облысы: - «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16 — 200 шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысы шекарасы).

 Абай облысы: - «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Калбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Үрлітөбе ө/п )» автожолының 583 — 733 шақырым аралығы (Павлодар облысы шекарасынан — Семей қаласына дейін).

Қарағанды облысы

Сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

 - «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейін);

- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан – Павлодар облысының шекарасына дейін);

Жолды 2026 жылы 19 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетелік елдің оңтүстігінде күн суытады

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью