Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана Қарағанды тасжолы шұғыл жабылды

30.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

30 желтоқсан күні сағат 08:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана – Қарағанды бағытындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: istockphoto.com

Өңірдегі полиция департаменті күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшті. Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушылардан күрделі метеорологиялық жағдайды ескеруді, алыс сапарлардан бас тартуды және жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Астана – Қарағанды жолынан бөлек, келесі бағыттарда да қозғалыс шектелген:

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті»: Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін (970–1135 км) және облыс шекарасынан Шідерті кентіне дейін (1135–1206 км). «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы»: Көкшетау қаласынан Келлеровка ауылына дейін (304–367 км). «Көкшетау – Рузаевка»: Көкшетау қаласынан Саумалкөл ауылына дейін (0–91 км). «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайский»: Көкшетаудан Чкалово ауылына дейін (2–85 км). «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған»: Тобылдан Әулиекөлге дейін (8–108 км). «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас»: Қарағандыдан Қарқаралыға дейін (17–217 км).

Жолдарды ашудың болжамды уақыты:

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында: 30 желтоқсан сағат 12:00-де. Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында: 30 желтоқсан сағат 15:00-де.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» бірқатар өңірлерде, соның ішінде Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында боран мен көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью