Аудандық сот судьяларын тағайындаудың жаңа тәсілі енгізілді

08.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

– Бұрын бос орындар көбіне жұмыс істеп жүрген судьяларды ауыстыру арқылы толтырылатын. Бұл кадр тапшылығын азайтпайтын. Қазір жаңа кандидаттарға, соның ішінде Сот төрелігі академиясының түлектеріне басымдық беріліп отыр, – деді Салтанат Жүніспекова.

Оның айтуынша, жаңа тәсіл кадр құрамын жаңартуға мүмкіндік берген.

– Соның нәтижесінде аудандық соттарға тағайындалғандар арасында жұмыс істеп жүрген судьялардың үлесі 31%-дан 14%-ға дейін азайды. Бұл жаңа судьялардың көбірек тағайындала бастағанын көрсетеді, – деді ол.

Сонымен қатар кәсіби дайындықтан өткен судьялардың үлесі артқан.

– 2024 жылы Академия түлектері 537 адам немесе 28,7% болса, 2025 жылдың соңында бұл көрсеткіш 583 судьяға, яғни 31%-ға жетті. Олардың 65-і сот төрағасы қызметін атқарып отыр, – деді Салтанат Жүніспекова.

Іріктеу үдерісі ашық бола түсті. Қатысушылар тізімі жарияланып, 3500-ден астам пікір түсті. Конкурс нәтижелері онлайн көрсетіліп, барлық кезеңнің қорытындысы ашық жарияланып отыр.

– Сонымен қатар заң саласы өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы өткен онлайн семинарларға 13 мыңнан астам адам қатысты. Соның нәтижесінде бір бос орынға орта есеппен 12 үміткерден келді, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Астанада кассациялық соттар жұмысын бастағаны хабарланған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью