Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Бұл кезеңде тиісті деңгейдегі Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның үш отырысы өтті. Жалпы 48 адам қатысты.
Еске сала кетейік, сертификаттау екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде кандидаттар Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығында өткізілетін тестілеу форматындағы біліктілік емтиханы арқылы өз білімдерін растайды. Емтихан бухгалтерлік есеп, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары үшін қаржылық есептілікті дайындау, сәйкестік аудиті, тиімділік аудиті және басқа да пәндерді қамтиды. Екінші кезеңде қатысушылар Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу барысында олардың кәсіби дайындығы, құзыреттер деңгейі, жеке қасиеттері, сондай-ақ мемлекеттік аудиторлар үшін міндетті кәсіби әдеп қағидаттарына бейілділігі бағаланады.Сертификаттау қорытындысы бойынша 39 кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді.
Сонымен қатар 9 үміткерге мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін биыл Жоғары аудиторлық палатасында өңірлік тексеру комиссиялары мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның үш отырысы өткенін жаздық.