Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерді тексерді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Massaget.kz / Нұржан Рысбеков
Вице-министр су айдындарына аэровизуалды мониторинг жүргізіп, идрологиялық жағдайды және биік таулы мореналық көлдердің, сел учаскелерінің жай-күйін бақылады.
Сондай-ақ Кеген Тұрсынбаев Алтай, Үлкен-Нарын, Катонқарағай және Шемонаиха аудандарындағы су тасқыны қаупі бар учаскелеріне арнайы барып, аудандарда су тасықынының алдын алу бойынша атқарылған инженерлік жұмыстармен танысты.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Рашид Біләловтың айтуынша, өңірде қорғаныс бөгеттерін жөндеу, су бұру арналарын тазарту және тереңдету, тасжолдарда көпірлер салу және жөндеу бағытында 28 инженерлік іс-шара орындалған.
«Су тасқынына қарсы іс-шаралар уақытылы және үйлесімді жұмысты талап етеді. Басты міндет – халық пен инфрақұрылым үшін тәуекелдерді барынша азайту. Барлық қажетті инженерлік құрылыс ықтимал су тасқынына, ал шұғыл қызметтердің мәселеге жедел ден қоюға дайын болуы тиіс. Біз жағдайға мониторинг жүргізіп, жергілікті аумақта іс-қимылды үйлестіреміз», деді вице-министр Кеген Тұрсынбаев.
Айта кетейік, «ШҚО әкімінің Ахуалдық орталығы» ақпараттық жүйесінде су тасқыны жағдайын мониторингтеудің бірыңғай кешені жұмыс істейді. Жүйе 49 гидропостар бойынша алдын ала 7 күндік болжам жасай алады.
Бұған дейін су тасқынының алдын алу мақсатында Түркістан облысында да өзен арналары тазартылып жатқанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ Жетісуда да су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқын алды.
Соңғы жаңалықтар
Астаналық кәсіпкер жаңа бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 10:23
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысы өтіп жатыр
Ата заң • Бүгін, 10:13
Микро және шағын бизнес салықтық әкімшілендіруді «таза парақтан» бастайды
Салық • Бүгін, 10:02
Полиция Threads платформасындағы таныстықтан сақ болуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 09:52
Аспаннан түскен апат: Бразилияда найзағай соққысынан 72 шеруші жараланды
Әлем • Бүгін, 09:48
Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:35
Еліміздің төрт өңірінде оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:03
Алматыдан Оралға бағыт алған FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты
Қоғам • Кеше
Дәрігерлер де дәрменсіз: Үндістанда емі жоқ вирус тарады
Әлем • Кеше
Жанжал түбі – жарнама: Жағымсыз жаңалықтар қалай сатылымды арттырады?
Қоғам • Кеше
Қазақстанның 36 спортшысы Олимпиадада ел намысын қорғайды
Спорт • Кеше
Қазақстанда 504 ауыл спутниктік интернетке қосылды
Қоғам • Кеше
КТК теңіз терминалында мұнай тиеу қайта іске қосылды
Экономика • Кеше
Американы ақтүтек боран басты: 139 мың адам жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Кеше