Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Екі көлік жүргізушісі Ақтөбе қаласында орналасқан халықаралық әуежайға барар жолда жарыс ұйымдастырды. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция жүргізушілерді дереу анықтап, көлікті айып тұрағына қойды.
Фото: Видеодан алынған скрин Фото: Видеодан алынған скрин- Күдізгі уақытта BMW және Chevrolet автокөліктерінің жоғары жылдамдықпен қозғалып, қауіпті маневрлер жасап, іс жүзінде көше жарысын ұйымдастырғаны анықталды. Олар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, басқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген. Жүргізушілердің кім екені анықталды. Оларға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы бойынша айып тағылды. Міндеттемелер толық орындалғанға дейін көлік айып тұрағында тұрады,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. Көлік жүргізушілері бұрын-соңды көлік жарыстыру бойынша жауапқа тартылмаған.
Айта кетейік, Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған бірнеше жүргізуші жазаланды. Құқық бұзушыларға қатысты қауіпті маневр жасау, қарсы жолаққа шығу, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін жағдай туындату, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылған.