Әуежайда бомба бар деп мәлімдеген Қайрат клубының дәрігері рейстен түсірілді

02.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Астана әуежайындағы ішкі рейстер терминалында тіркеуден өтіп жатқан жолаушының бірі «бомба» туралы әзілдеп, рейстен шеттетілді. Кейін оның «Қайрат» футбол клубының дәрігері екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Оқиға тіркеу сөресінде болған. Әуе қауіпсіздігі қызметкерінің сұрағына жауап берген жолаушы Д. Туралиев әзіл ретінде өзінде «бомба» барын айтқан. Осы сөзден кейін әуежай терминалына кинологиялық қызмет мамандары мен құқық қорғау органдарының өкілдері шұғыл жіберілді.

«Жарылғыш зат бар»: Атырау әуежайында жолаушылар эвакуацияланды

Қауіпсіздік талаптарына сәйкес жолаушы дереу ұсталып, рейстен түсірілді. Әуежай қызметтері жағдайды тексеріп, тиісті рәсімдерді жүргізді.

Мамандардың айтуынша, әуежай аумағында жарылғыш құрылғыларға қатысты әзіл айтуға да, мұндай сөздерді қолдануға да қатаң тыйым салынады. Мұндай мәлімдеме жалған болса да, ол қауіпсіздік алгоритмін толық іске қосуға негіз болады. Бұл рейстердің кешігуіне, жолаушыларды эвакуациялауға және қосымша күш пен құрал тартуға әкеледі.

Балқаштағы мектептерге жарылғыш зат қойылғаны рас па

Құзырлы органдар әуе көлігі нысандарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Қоғамдық тәртіп пен жолаушылар қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекет заң шеңберінде бағаланады.

Бомба туралы жалған хабарлама берген азамат ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан қарулы күштері жауынгерлік даярлық бағдарламасын жаңғыртады

Әскер • Бүгін, 10:20

Иран төңірегіндегі жағдай: Мұнай неге қымбаттады?

Экономика • Бүгін, 10:10

Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» ақпараттық жүйесін енгізді

Қоғам • Бүгін, 10:00

Әуежайда «бомба» бар деп мәлімдеген «Қайрат» клубының дәрігері рейстен түсірілді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:58

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:45

Бибігүл Жексенбай: Жаңа Конституция – Ұлттық құрылтайда басталған реформалардың логикалық жалғасы

Ата заң • Бүгін, 09:38

Қай өңірлерде жол жабық?

Ауа райы • Бүгін, 09:29

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:08

Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты бірнеше елдің басшыларымен сөйлесті

Президент • Кеше

Белгілі ғалым тілге қатысты алып қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды

Қоғам • Кеше

Жетісуда 4546 құрт дайындалды

Аймақтар • Кеше

Бейбітшілік – әрбір баланың құқығы: Динара Закиева Иранда қаза тапқан оқушыларға көңіл айтты

Оқиға • Кеше

Елімізде киножобаларды іріктеу конкурсы басталды

Кино • Кеше

БАӘ-дегі Қазақстан елшілігі отандастарға көмек көрсетуге шақырды

Әлем • Кеше

Иранда Али Хаменеидің орнына уақытша көшбасшы тағайындалды

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью