Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Биыл тамызда Алматы әуежайында Оңтүстік-Шығыс Азиядан аса ірі мөлшерде есірткі әкелудің үш әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
"Шетелдік азаматтардың жол жүгін тексеру барысында косметикалық өнімдерге жасырылған ыдыстардан "марихуана", "каннабис шайыры" және "гашиш майы" табылды", - дейді комитет.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 килограмнан асты.
Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органдарға жолданды.