Әуезов театры халықаралық драматургиялық байқау жариялады

26.06.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық драма­тургияның дамуына қолдау көрсету, халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту, театр репертуарын жаңа кәсіби туындылармен толықтыру және заманауи комедия жанрына қызығушылықты арттыру. Сонымен қатар жоба жас әрі жаңа есімдерді танытуға бағытталған.

Байқауға тек комедия жанрындағы пьесалар қабылданады. Ұсынылатын шығармалар төлтума болуға тиіс, яғни инсценировкаға жол берілмейді. Сондай-ақ пьесалар бұрын еш жерде жарияланбаған және сахналанбаған болуы қажет. Қатысушылар авторлық құқықты растайтын құжатты қоса ұсы­нуы міндетті.

Үміткерлер өз туындыларын teatr.auezov@bk.ru электронды поштасына немесе Алматы қаласы, Жібек Жолы көшесі, 154 мекенжайында орналасқан адрес бойынша жолдай алады. Пьесалар қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады. Сонымен бірге автор туралы мәліметтер мен байланыс деректері тіркелуге тиіс.

Шығармаларды режиссерлер, драматургтер және театртанушылардан құралған кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Байқау қорытындысы бойынша:

І орын алған пьеса театр репертуарына ен­гізіледі;

ІІ орын иегерінің туындысы кіші формада өзіндік жұмыс ретінде сахналанады;

ІІІ орын алған туынды оқылым ретінде тал­қыланады.

Байқау 2026 жылдың 1 сәуірі мен 1 қыркүйегі аралығында өтеді. Қорытындысы 1 қазан күні жарияланады.

Аталған жоба Қазақстан мен Орталық Азия елдері драматургтерінің өзара байланысын күшей­тіп, ортақ театр кеңістігін қалыптастыруға ықпал етпек.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью