Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
«Еңлік-Кебек» қойылымы қазақ кәсіби театрының даму тарихында ерекше орын алады. Бұл спектакль – 1926 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында сахналанған алғашқы қойылымдардың бірі.
Қойылым махаббат пен адалдық тақырыбын көтеріп, көрерменге ізгі құндылықтарды насихаттайды.
Сонымен қатар көрермен театр музейі ұйымдастырған «Ұлттық театрдың бастауы – «Еңлік-Кебек» қойылымы» атты экспозициямен танысты. Көрмеде алғашқы сахналық қойылымдар тарихынан сыр шертетін фотосуреттер, құнды жәдігерлер мен театрдың көркемдік мұрасын айқындайтын материалдар ұсынылды.
Бұдан бұрын Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына 100 жыл толғанын жазған едік.