Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу туралы сотқа дейінгі өндірісті бастады.
Тергеу барысында Ауғанстан азаматы өзінің қазақ ұлтына жататыны туралы жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынып, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алғаны анықталды. Алынған қаражатқа құны 20 миллион теңге болатын пәтер сатып алынған.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жол бермеу мақсатында прокуратураның өтініші бойынша сот аталған мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады.
Алайда сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық қудалау органы тарапынан жүргізіліп жатыр.
Бүгін, 16:25