Ауғандық апиынды жеткізудің жолы кесілді

01.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото:  Polisia.kz

Қазақстан және Қырғызстан Ішкі істер министрліктері тығыз өзара іс-қимыл мен шекара маңы ынтымақтастығы шеңберінде, апиын тобына жататын есірткі заттарын жеткізудің сыртқы трансұлттық арнасының жолын кесті.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, бірлескен арнайы операция барысында Шымкент қаласында Қазақстанның екі азаматы ұсталып отыр.

«Олардан шамамен 5 келі ауғандық апиын есірткі заты тәркіленді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың әрекеттеріне есірткі контрабандасы және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу белгілері бойынша қосымша құқықтық баға беру мәселесі қарастырылып жатыр», деді Б. Әмірханов.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью