Ауғанстан арқылы теңізге жол: жаңа теміржол жобасы іске асырылуда

30.01.2026

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан Ауғанстан аумағы арқылы Араб теңізіндегі порттарға шығатын жаңа теміржол бағытын дамытуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов хабарлады. Оның айтуынша, «Торғұнды – Герат – Қандағар – Спин-Болдак» теміржол құрылысы жобасы жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр.

Бағдар Ауғанстанды Пәкістанның Араб теңізіндегі порттарымен байланыстыратын негізгі логистикалық тораптардың бірі – Спин-Болдак арқылы өтеді. Жоба Қазақстанның көлік дәліздерін кеңейтіп, оңтүстік бағыттағы экспорттық-логистикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Үкіметтің мәліметінше, Қазақстан тарапы Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика және инфрақұрылым министрлігіне үшжақты меморандум жобасын жолдаған. Құжатқа ағымдағы жылдың ақпан айында қол қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар Пәкістанның темір жол министрлігімен бөлек меморандум әзірленуде. Пәкістан тарапы ұсынылған бағытты қолдайтынын білдірді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью