Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ауғанстан мен Пәкістан арасында атысты тоқтату режимі жалғасады. Екі ел келісімге Түркия мен Қатардың арағайындығы арқылы қол жеткізді.
Келіссөздер 5 күнге созылды. Тараптар барлық талапты орындаймыз деп уәделесті. Кімде-кім уағдаластықты бұзатын болса, санкцияға ұшырайды. Атысты тоқтату бойынша режимді іске асырудың қосымша қағидалары 6 қараша күні Ыстамбұл қаласында талқыланып, бекітіледі. Еске салайық, екі аптадай уақыт бұрын «Талибан» қозғалысының күштері Пәкістанның шекара бекеттеріне себепсіз оқ жаудырып, 23 сарбазды мерт қылған еді.