Ауғанстан мен Руандадан кен үлгілері жеткізіліп, зерттеліп жатыр Иран Шархан

03.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

- Бұл елдердің үлкен әлеуеті бар. Қазіргі уақытта құқықтық, нормативтік базалаларын зерделеу, геологиялық әлеуетін нақтылау бөлігінде үлкен жұмыс істелініп жатыр. Кен орындарынан қажетті үлгілері алынды. Қазір зертханалық зерттеу жүргізілуде. Пайдалы қазбалалар үлгілері – бұл базалық металдар, оның ішінде сирек металдар мен сирек жер металдары. Дегенмен, біз зертханалық жұмыс нәтижесін күтуіміз қажет, - деді ол елордада өтіп жатқан GECA 2026 халықарлық геологиялық форумы аясында агенттік тілшісінің сауалына орай.

Вице-министр зертханалық зерттеу нәтижелерінде аталған елдердің геологиялық әлеуеті нақтыланған жағдайда толыққанды ақпарат беріледі.

- Сараптама «Тау-Кен Самұрық», сонымен қатар Қарағанда облысындағы зертханалар базасында жүргізіліп жатыр, - деді Иран Шархан.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Тау-Кен Самұрық» компаниясы Руанда мен Ауғанстан аумақтарында сирек және сирек жер металдары бойынша геологиялық барлау жұмыстарын бастағанын айтқан еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью