Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
- Су тапшылығы мәселесін шешу үшін аймақ елдері бірігуі керек. Бір-бірімізбен ынтымақтасу үшін әуелі диалог алаңы қажет. Өкінішке қарай, Ауғанстан Орталық Азиядағы су ресурстарын пайдалану мен басқару жөніндегі келісімдер мен процестердің ешқайсысына қатыспады. Орталық Азия елдері бұл жұмыстарға ресми Кабулды енді тартып жатыр. Тиісінше, біз мемлекеттердің мұндай ерік-жігерін ерекше бағалаймыз және ол келешек ынтымақтастыққа оң ықпал етеді деп санаймыз. Біз идеяларды топтастыру үшін диалог жүргізіп, кейін үкіметтерге тиісті ұсыныстар әзірлеуіміз қажет, - деді Абдулхай Канит БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Еске салайық, осы іс-шарада сөз сөйлеген Орталық Азия халықаралық институтының директоры Жавлон Вахабов өңірдегі су тапшылығы алдағы жылдары экономиканың дамуын тежейтін негізгі факторға айналатынын атап өтті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл сәуірде елордада өтетін Өңірлік экологиялық саммитінде Орталық Азия елдерінің басшылары Астана декларациясына қол қояды.
Қоса кетсек, алдағы уақытта Өзбекстан жасанды жолмен жаңбыр жаудыру технологиясын енгізуді көздеп отыр.
Мұнымен бірге Өзбекстан 2028 жылға дейін алқаптардың 80%-ына су үнемдеу технологияларын енгізбек.
Таяуда Kazinform агенттігіне Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім еткендей, қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзеніне суды есепке алатын құрылғыларды орнатып жатыр.