Ауғанстанда су тасқынынан 20 адам қаза тауып, 100 адам із түзсіз жоғалды

21.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: br.az

Бұл туралы X әлеуметтік желісінде Ауғанстанның Табиғи апаттардың салдарын жою ұлттық басқармасының ресми өкілі Юсуф Хаммад хабарлады. 

Оның айтуынша, провинциялық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары апат болған аудандарға жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кеткен. Құтқарушылар қаза болғандардың мәйіттерін шығару, зардап шеккендерді құтқару және жоғалғандарды іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Юсуф Хаммадтың сөзінше, қаза тапқандар саны мен келтірілген материалдық шығын туралы нақты мәліметтер тергеу аяқталып, залал толық бағаланғаннан кейін жарияланады.

Ганада су тасқыны кезінде 12 адам қаза тапты

Ауғанстан үкіметінің ресми өкілі Забихулла Мужахид X әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, іздестіру-құтқару жұмыстарын жеделдетудің маңыздылығын атап өтті.

Жергілікті биліктің мәліметінше, табиғи апаттан ең көп зардап шеккен аймақ – Нұристан провинциясының әкімшілік орталығы Парун қаласы. Су тасқыны салдарынан мұнда көптеген тұрғын үй мен инфрақұрылым нысандары зақымданған.

Қытайда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Айта кетейік, биыл сәуір айында Ауғанстанда нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндерден 77 адам қаза тауып, тағы 137 адам жарақат алды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью