Ауғанстанда талибтер мен мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға тыйым салынды

09.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

"Талибан" жетекшісі Хайбатулла Ахундзада қозғалыс мүшелері мен мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға тыйым салатын ауызша бұйрық берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Afghanistan International-ке сілтеме жасап.

Тәртіпті бұзатындар қылмыскер деп танылып, әскери сотқа тартылады. Бұйрық Ахундзаданың елдің сегіз аймағындағы "Талибанның" әскери сот басшыларымен, полиция бастықтарымен және барлау қызметінің жетекшілерімен кездесуі кезінде берілді.

Сондай-ақ елде бақылаудағы әрбір адамның аты-жөні, лауазымы, қызмет орны, мобильді операторы мен телефон нөмірі көрсетілген арнайы тізім жасалғаны хабарланды.

Бұдан бұрын "Талибанның" Білім министрлігі департаменті студенттерге мектептер мен діни семинарияларға смартфон алып келуге тыйым салатын жеке құжат жариялаған болатын. Ведомство бұған дейін телефондарды "мұсылмандардың үш басты жауының бірі" деп атаған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью