24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Күн райының қолайсыздығы Ауғанстанды әлекке салды.
Кейінгі үш күнде қалың қар мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан 60-тан астам адам опат болды. Бұл туралы Табиғи апатпен күрес басқармасы хабарлады. Қайғылы оқиғалар елдің орталық және солтүстігіндегі провинцияларда тіркелген. Сондай-ақ 100-ден астам адам жарақат алып, 500-ге жуық үй бұзылды. Ауғанстанның басты жолдарының бірі – Саланг автомагистралін жабуға тура келді. Ал Бамиан провинциясындағы таулы аймақтарда қалып қойған туристерге азық-түлік таратылды. Билік өкілдері аса қажеттілік болмаса, тұрғындарды сапарларын кейінге қалдыруға шақырады.