Әулиеата тарихының айтылмаған тарауы

31.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сондықтан тарихты  белгілі бір оқиғалардың же­лісі деп бағамдауға да болатын секілді. Ал тарихи тұл­ғалардың өмір жолы мен іссапарлары бір жұмбақ пен құпияны жасырып жататындай. Қазақтың маңдайына біт­кен Алаштың ардақты ұлы Міржақып Дулатовтың Әулиеа­таға келуінің де астарында көп құпия бар секілді.

Жалпы тарихшылардың дені Міржақыптың Әу­лиеа­таға жат емес екенін біледі. Оның қарындасы Ботагөз Бұрал­қы болыстың ұлы, қазақтың тұң­ғыш жоғары білімді агрономы Мұс­тафа Бұралқиевпен тағдыр қос­қан. Ал кейініректе қызы Гүл­нәр мойынқұмдық жазушы Әбен Са­тыбалдиевтің өмірлік серігі бол­ды. Осылайша, Міржақып Әу­лиеа­та өңіріне құда болған. 

Енді Міржақып Дулатовтың Әу­лиеатаға қашан келгеніне келер бол­сақ, ол 1926 жылы Орынбордан қай­тады. Ал 1928 жылы жала жа­бы­лып қамалады.  Ортадағы бір жыл­ды қалай өткергені туралы нақ­ты дерек жоқ. Алайда қызы Гүл­нәр, кейінірек әкесі Міржақып осы 1927 жылды қалай өткергені ту­ралы естелік қалдырып, бір құ­пия­ның құлпын ашқандай болды.

1927 жылы Міржақып  Қы­зыл­ордада «Еңбекші қазақ» газетінде ең­бек етті. Журналист ретінде жақ­сы мақалалар жазып, елді ақ­параттандырып отырды. Соның ішін­де Әулиеатаның жылқы зауы­ты туралы жазған мақаласы да бар. Ол 1927 жылдың 13 қазанында жа­рық көрген. Оны жазардан бұ­рын ол отбасымен бірге торғайлық жер­лесі, сол кезде адвокаттық қыз­­мет атқарып жүрген Жұмыр Есмурзиннің шақыруымен Әу­лиеа­таға келеді. Міржақып үшін ар­найы Ақбұлымда үй тігіліп, үй маңына бие байлап, қымыз іш­кі­зіп, біраз уақыт демалдырған екен. Бұл сапарында ол қазақтың ірі бай­ларының бірі болған Дербіс Қа­лабаев және Бұралқы Сұл­тан­бековтермен танысады. Әрине бұ­ған дейін де олардың Алаш қоз­ғалысының қолдаушылары бол­ғаны архив құжаттарынан белгілі. Де­генмен Міржақыптың олармен жүз­бе-жүз кездесіп, арнайы та­ныс­қаны осы кез.

Міржақып тек Есмурзиннің үйі­не ғана бармайды, сондай-ақ сол кезеңде Әулиеатаға аты мәш­һүр тілмаш, қазақтың рухын кө­те­ріп жүрген Қалмағанбет Танкинге де қонақ болады. Ол бір жағы Бұрал­қы болыстың бажасы болса, екін­ші жағынан өзі де торғайдан шық­қан Ыбырайдың тұңғыш шә­кірттерінің бірі еді. 

Бұл сапарынан Міржақып Дулатов: «Әулиеата елі мал­ды, қазақы ел. Ас-той, көкпар, бәй­ге дегенің бұл елде әлі қалған жоқ. Сентябрь туысымен үлкен-үл­­кен астар болады. Бұл елде бәй­ге аты аса қадірлі. Асты бұл ел бә­­секемен береді, бірінен-бірі асыр­­мақ болады. Бас бәйгеге бес мың сом, үш мың сом не пәлен жүз қой тігуші екінің бірінен табылады. Тек малы болсын иә атағы бол­сын», – деп бір жағы Әулиеатада қа­зақылықтың жойылмағанын, ел­дің байлығы мен мырзалығын атап өтсе, екінші жағынан даңғой­лық пен мақтангершілікті айып­тай­тындай.

Міржақып ел ішін біраз ара­лап, Көгершіндегі жылқы зауы­ты­на да барған. Атбегілік пен саят­шы­­лыққа ебі бар Міржақып мұн­­­­­­дағы асыл тұқымды сәйгүлік­тер­­г­е, олардың баптауына аса таң­­­­­даныспен сүйсіне қарайды. Тіп­­ті сондағы бір көк дөненге көзі тү­сіп, «шіркін-ай, мына тұлпарды ер­теп мінер ме еді» деп біраз там­са­ныпты. «Әр бөлмеде көздері от­тай жанып, шиыршықатып, көк­­ке шапшып тұрған суреттен сұлу жануарларды көрдік», – деп мақаласында да сол бір сәтті су­рет­тей жазады. Ондағы араб, тү­­рік­мен, ағылшын тұқымынан шық­­­қан небір жылқылардың б­а­рын, оларды қазақы биемен қо­сып, асыл тұқымды да түрлендіріп жат­­­қанын сипаттайды. Ал кү­тімі­не келсе, кешкі 4-5 шамасында кө­­­ру­­ге келсе, атбегілерінің жыл­қы­­­­­­лардың ұйқысын бұздырмаға­нын да жазған. Жылқы зауытының жұмысымен таныса келе, жыл­қы­лардың қазақ үшін қызмет етуі жайында да мәселе көтеріп, өз ұсыныстарын жеткізген екен. 

Бұл сапардан кейін Мір­жа­қып 1928 жылы Меркіге ат ба­­сын тіреген. Онда да қазақтың ірі байларымен жолыққаны бел­гі­лі. Оны ғалым, филология ғылым­да­­рының докторы Темірбек Қо­же­кеевтің мақалаларынан бі­леміз. Ең қызығы, осы кезеңдерде ша­мамен Тұрар Рысқұлов та Мер­кі­ге келген деседі. Ол жайын мер­кі­лік бай Бектен Медеровтің не­ме­ресінің естелігінен оқуға бо­­­лады.

Бұл деректерге қарап оты­рып, «Міржақыпты адво­кат Есмурзин неге дәл осы кезде шақырды?», «Неге Міржақып Әу­­­лиеатаның ірі байларын аралап, кез­десті?», «Олар нені ақыл­дас­ты?» деген сауалдар терең ойға же­­телейді. Тарихтың ақтаңдақ бет­­те­ріне үңілсек,  бұл кезең  қазақ­тың ірі байларын тәркілеу, ұлттың тірегін шайқау науқанының алды еді. 1927 жылдың қыркүйегінде Мәс­кеуде «Қазақтың ірі байларын тәр­кілеу» туралы құжатқа қол қойыл­ған. Ол құжат бойынша қа­зақ­тың 105 ірі байының шаруа­шы­лығымен қоса, шаңырақтарын да шайқалтқан еді. Бұл саяси ойын­ның басы шынында сонау 1925 жылдан тамыр тартатын се­кіл­ді. Алайда Міржақыптың тура осы мәселемен Әулиеатаға келгені туралы нақты айтылмайды. Тек сол заманғы құжаттардағы дерек­тер­ді пазл жинағандай құрастыра отырып, ойыңа ой ілінеді.

Ақын Ғафу Қайырбеков: «Әу­лиеата – қазақтың тірісінің де, өлі­­сінің де рухын қосатын жер», – дейді. Шынында, Әулиеата то­пырағы талай құпияны қой­науын­да бүгіп жатқаны анық. Оның бірі «Міржақыптың Әулиеатаға са­пары» деп түюге болады. Бәлкім, Алаш ардақтысы Әулиеатаға жа­саған сапары кезінде қазақ бай­ларына жаппай тәркілеу жүре­тін­дігі туралы алдын ала ескерткен де шы­ғар. Енді ол – тарих жұмбағы. 

Саян ТІЛЕУЖАН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью