Әулиекөлде ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасаған ерлі зайыптылар сотқа берілді

18.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Сурет: freepik.com

Қостанай облысының прокуратурасы Әулиекөл ауданында ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасап, оларды сатқан ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың тамызына дейін өз үйлерінде түрлі-түсті принтер арқылы мал мен ет өнімдерін тасымалдауға рұқсат беретін 1-нысанды ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасап, оларды ақшалай сыйақыға сатқан.

Аталған әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігіне сәйкес сараланған. Бұл — алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған ресми құжатты қолдан жасау және өткізу. Баптың санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қылмыстық іс Әулиекөл аудандық сотына жолданды. Іс бойынша шешімді енді сот шығарады.

Бүгін, 14:34

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью