Ауруды ерте анықтауға мүмкіндік бар

25.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Биылдан бастап елде профилактикалық скринингтер бағдарламасы кеңейтіліп, тексеруден өтетін жандардың жас шегі артты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 30-дан 76 жасқа дейінгі қазақстандықтар скринингтен тегін өте алады. Бұл қосымша шамамен 1 миллион адамды қамтуға мүмкіндік берді. Онда артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, диабет және глаукомаға тексеру жүргізіледі. Осылайша денсаулықты жылына екі рет тексертуге болады. Мамандар бұл арқылы, созылмалы ауруларды ерте анықтау екі есе артады деп болжап отыр. Айта кетейік, бұған дейін скрининг тек 70 жасқа дейінгі адамдарға жүргізілген.

Әсел Қыдыралиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Пациенттердің жазылу мүмкіндігі артқанымен дәрігердің жүктемесі көп. Сондықтан біз дәрігердің жүктемесін азайту мақсатында мейіргерлерге солардың қызметіне сәйкес дәрігердің аз қызметтерін мейірбикеге жүктеп отырмыз. Кейбір құжаттарды толтыру, анықтамалар жолдамаларды дәрігердің қабылдауна жазылып одан кейін мейіргерге екі келіп жүрмей мейірбикеден алып кету бұл өз кезегінде пациенттің жұмысын азайтады. 

Сонымен қатар «Қолжетімді емхана» тұжырымдамасы аясында емхана жұмысы оңтайландырылды. Демек бұрынғыдай дәрігердің қабылдауына  ұзын-сонар кезек болмайды. Ол үшін дәрігердің кейбір қызметі мейірбикелерге жүктеледі. Ал ақ халаттының алдына бару үшін кезекке қашықтан жазыла аласыз. Учаскелік дәрігердің қабылдау уақыты 4-тен 6 сағатқа дейін ұзартылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью