Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында ауруханада қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әйелге айыппұл салынды, деп хабарлады облыстық сот.
Ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Т.Рысқұлов аудандық соты қарады.
"2026 жылдың тамызында сағат 15:30 шамасында Құлан ауылының орталық аудандық ауруханасында азамша С. жәбірленушіге дөрекі және балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті, науқастар мен ауруханаға келушілердің тыныштығын бұзды", - деп жазылған хабарламада.
Құқық бұзушы кінәні ішінара мойындап, жанжал кезінде дөрекі сөйлегенін, бірақ әдепсіз сөздерді қолданбағанын түсіндірді.
Кәмелетке толмаған балалардың болуын, материалдық жағдайын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.
Сот қаулысымен ол бойынша кінәлі деп танылды және оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді.