Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігі нағыз қызған шағына жетті. Жарысқа шыққан теннисшілеріміздің арасынан тек Елена Рыбакина мен Анна Данилина ғана ширек финалда күш сынасу құрметіне ие болды.
Жасыл құрлықтағы жарыстың жекелеген сайысында сынға түскен бес жерлесіміздің үшеуі төртінші кезеңге дейін сүрінбей жетті. Алғашқы айналымдарда Юлия Путинцева Беатрис Хаддад-Майя (Бразилия), Эльзе Жакемо (Франция), Зейнеп Сенмезге (Түркия) сан соқтырса, Александр Бублик Дженсон Бруксби (АҚШ), Мартон Фучович (Мажарстан), Томас Мартин Этчеверриді (Аргентина) еңсерді. Бір айта кетерлігі, жоғарыда есімдері аталған қос жерлесіміз бұған дейінгі Australian Open додасында бірде-бір рет дәл осы межеге жеткен емес. Бірақ Путинцева одан әріге бара алмады. Төртінші кезеңде Ива Йовичтен (АҚШ) 0:6, 1:6 есебімен ойсырай ұтылды.
Бастапқы бәсекелерде Кайя Юван (Словения) мен Варвара Грачеваны (Франция) еш қиналмай ұтқан Елена Рыбакина үшінші кездесуінде Тереза Валетованы (Чехия) оп-оңай жолынан ығыстырды. 1 сағат 22 минутке созылған бәсеке 6:2, 6:3 есебімен аяқталды. Төртінші айналымда Е.Рыбакина бельгиялық Элизе Мертенске бас көтертпеді – 6:1, 6:3. Дәл осы межеде Александр Бублик Алекс Де Минаурмен (Аустралия) күш сынасты. Әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған корт қожайынына еліміздің бірінші ракеткасына адым аштырмады – 6:4, 6:1, 6:1.
Сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсеткен Анна Данилина алғашқы кездесулерінде Куинн Глисон (АҚШ)/Елена Приданкинаны (Ресей), Дарья Касаткина/Арина Родионованы (Аустралия) ұтты. 1/8 финалда Анна Сторм Хантер/Майя Джойнтты (Аустралия) жеңген олар енді Катерина Синякова (Чехия)/Тейлор Таунсендпен (АҚШ) кездеседі. А.Данилина миксте де жеңіске жетті. Америкалық Джеймс Трэйсимен бірге ол 1/16 финалда Оливия Николлс/Анри Паттен (Ұлыбритания) тандемін, содан соң Лейла Фернандес (Канада)/Ник Кирьос (Аустралия) жұбын жеңді.
Ал жастар арасындағы жарыстың тұсаукесер кездесуінде Заңғар Нұрланұлы таиландтық Кунанан Пантараторнды ойсырата ұтты – 6:2, 6:1. Командалық әріптесінің жеңісті жолын Дамир Жалғасбай жалғастырды. Ол польшалық Александр Блуштен басым түсті – 7:6, 7:5. Даниэль Тазабеков швейцариялық Флин Томастан ұтылды – 4:6, 4:6.
Соңғы жаңалықтар
Теннис • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Тарих • Бүгін, 08:05
Келешек мектептері • Бүгін, 08:00
Келешек мектептері • Бүгін, 07:55
Білім • Бүгін, 07:45
Ғасыр жасаған соғыс ардагерін құттықтады
Өшпес даңқ • Кеше
Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс
Қоғам • Кеше
Конституцияға өзгерістер: Белгілі заңгер пікір білдірді
Қоғам • Кеше
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы
Қоғам • Кеше
Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы
Құрылтай • Кеше
Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау
Қоғам • Кеше
Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады
Ата заң • Кеше
С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі
Экология • Кеше
Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі
Ата заң • Кеше