Australian Open: Рыбакина әлемнің 2 ракеткасын ұтып, жартылай финалға өтті

28.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке тап келді.

Азулы қарсыластар осыған дейін өзара 11 рет кездесіп, соның алтауында Швентек жеңген еді.

Бұл жолы теннисшілер ойынды брейк алмасумен бастады. Дегенмен есеп 6:5 болған мезетте Рыбакина брейк жасай білді – 7:5.

Екінші сетте Елена бірден алға кетті – 2:0. Содан кейін бет қаратпай, матчты эйспен түйіндеді – 6:1.

Бір сағат 35 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 11 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Швентек 3 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша, қазақстандық теннисші спорттық жолында екінші рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 4-ракеткасы Аманда Анисимова немесе рейтингіде 6-орындағы Джессика Пегуланың жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңе ала ма, соны жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью