Australian Open: Юлия Путинцева алғаш рет төртінші айналымға өтті

23.01.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 112-орында тұрған түркиялық, 23 жастағы Зейнеп Сонмезбен сынға түсті.

З.Сонмез осы додада сенсация жасап, «Үлкен дулыға» турнирінде өз қарсыласын жеңген алғашқы түркиялық теннисші атанған болатын. Ал 31 жастағы қазақстандық спортшы әлдеқайда тәжірибелі еді. Бірақ ол осыған дейін Аустралия ашық чемпионатында үшінші айналымнан асып көрмеген-ді.

Жанкүйерлердің көпшілігі түркиялық теннисшіні қолдап отырды. 

Бірінші партияда Ю.Путинцева 5:2 есебімен алға кетіп, дегеніне жетті — 6:3.

Юлия екінші сетті брейкпен бастады — 2:0. Дегенмен Зейнеп таразы басын теңестіре алды — 3:3. Есеп 5:5 болғанда, Путинцева брейк жасап, матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Тай-брейкте Сонмез сәтті ойнады — 7:6 (7:3).

Үшінші, шешуші партияда Путинцева 3:0 есебімен алға кеткенімен, Сонмез есепті қысқарта алды. Бірақ қазақстандық теннисші қайыра брейк жасады — 5:3. Бұл жолы ол матчты жеңіспен түйіндей алды — 6:3.

Екі сағат 36 минутқа созылған тартысты бәсекеде Ю.Путинцева 2 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын пайдаға асырды. Сонмез 1 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) шектелді.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 8-ракеткасы, италиялық Жасмин Паолини немесе рейтингіде 27-сатыдағы америкалық, 18 жастағы Ива Йовичтің қай жеңгенімен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакинаның екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью