Аустралия өз тобында екінші орын алып, 1/16 финалға өтті

26.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Vietnam.vn

АҚШ-тың Санта-Клара қаласында орналасқан «Левайс» стадионында өткен матчта қос команда да есеп аша алмады.

Ойын барысында Аустралия құрамасы шабуылда белсендірек өнер көрсетіп, қарсылас қақпасына бес дәл соққы жасады. Ал Парагвай ойыншылары қақпаға небәрі екі рет дәл соққы бағыттай алды.

Жапония екінші орынмен плей-оффқа жолдама алды

Осылайша Аустралия үш кездесуде төрт ұпай жинап, әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды. Плей-офф кезеңінде австралиялықтар G тобының екінші орын алған құрамасымен кездеседі.

Парагвай да төрт ұпай жинағанымен, гол және пас саны бойынша үшінші орынға тұрақтады. Еске сала кетейік, D тобында АҚШ пен Түркия командалары да соңғы тур ойындарын өткізеді.  

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью